Басты бет > Саясат > Шымкент: Суға шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дала-орман өрттерінің алдын алу туралы өткен баспасөз брифингі өтті

Шымкент: Суға шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дала-орман өрттерінің алдын алу туралы өткен баспасөз брифингі өтті

Шомылу маусымының алдында, оның өту кезеңінде су объектілерінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазірде Шымкент қаласының аумағында 4 өзен, 4 су қоймасы, 5 тоған және 22 демалыс орны (аквасаябақтар, саяжайлар және т.б.) бар. Үшінші мегаполисте шомылу маусымы сәуір айынан басталып, қыркүйекке дейін жалғасады.
Бақыланбайтын орындарда шомылу, балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамау, су айдындардың қасында ересектердің қарауынсыз балалардың болуы – судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері болып саналады. Ағымдағы жылдың сәуір-тамыз аралығында қала аумағында судағы жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Өткен жылы осы мерзімде Шымкенте 4 оқиға орын алып, 2 жас бала суға батып кеткен еді.
Су айдындарында келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөліністерімен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Үгіт-насихат жұмыстарына ерікті студенттер, жергілікті полиция қызметі тартылған. Жедел-құтқару жасағының жеке құрамы шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында қызмет атқарудың күшейтілген режимде жұмыс жасауда.
Болуы мүмкін орман және дала өрттерін алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында қала аумағында жалпы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 18 шақырым, жергілікті автомобиль жолдарының бойларында 88,2 шақырым, орман қоры жерлерінде 530 шақырым және егістік алқаптарында 400 шақырым өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілді.
Әйтсе де, атқарылған жұмыстарға қарамастан ауа-райының ыстық болуына байланысты биылғы өрт қауіпті кезең басталғалы қала аумағында 2 бидай өрті тіркеліп, жалпы көлемі 24 га құрады. Материалдық шығын 4 млн. теңгенің шамасында(Абай және Қаратау аудандары). Сондай-ақ, дала алқаптарында жалпы 4 жану жағдайлары орын алып, тілсіз жау 30 га шарпыды. Зардап шеккендер жоқ.
Спикерлер: Шымкент қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары, жедел-құтқару жасақтың басшысы Орынбасар Құлманбетұлы Төртбаев; Шымкент қ.ТЖД зілзалаларды азайту және азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Шірінбекұлы Ізбасаров.