Басты бет > Саясат > Шымкент: суда шомылушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент: суда шомылушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр

Аптап ыстықта Оңтүстікте орналасқан шырайлы Шымкент қаласының тұрғындары күннің ыстығынан қорғану үшін су жағалап, салқын іздейтіні сөзсіз. Осыған байланысты Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары бассейндер мен су қоймаларында уақыт өткізуде. Тұрғындардың ең сүйікті демалу орындарының бірі – Бадам су қоймасы. Алайда қазіргі уақытта су қоймаларда су ағысы қатты, сол себепті үлкен қауіп туындайды.

Осыған орай Шымкент қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Бадам» және «Тоғыс» су қоймаларында алдын алу жұмыстарын жүргізді. Демалушыларға суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар тарата отырып, қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін мына қарапайым ережелерді сақтауға шақырды:
– суға құлап кететін жерлерде, көпірлерде, жарларда, қиялай кеткен жағажайларда тұрмаңыздар және ойнамаңыздар;
– егер жүзе алмасыңыздар белден төмен терең жерлерге бармаңыздар және белгісіз жерлерде суға сүңгуге болмайды;
– күн сәулесі қатты қыздырмайтын және ысып кетпеген, қауіпті емес кезде шомылған дұрыс;
– күн сәулесінде ұзақ жатқаннан кейін бірден суға секіруге және кіруге болмайды. Себебі дене суда бірден салқындағанда бұлшық еттер бірден жиырылады, сол кезде өкпе қысып тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін.

Медиаон ақпарат