Басты бет > Саясат > Шымкент: Салықтық рақымшылықтың алғашқы нәтижелері

Шымкент: Салықтық рақымшылықтың алғашқы нәтижелері

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енгені белгілі.

Осы заңға сәйкес, 2018 жылдың 1 қазан жағдайына болған негізгі салықтық қарыз сомасы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда өсімпұлдары мен айыппұлдардың берешектері есептен алынатыны қарастырылған.

2019 жылдың 8 ақпанынан бастап бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енген болатын.

Бірақ, салықтық амнистиясы келесі категориядағы салық төлеушілерге қолданылмайды:

– мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;

– жер қойнауын пайдалану;

– акцизделетін өнім өндіру;

– жеке немесе дара кәсіпкерлікпен шұғылданбайтын жеке тұлғалар.

Осылайша салықтық міндеттемелерін уақтылы орындауға мүмкіндігі жоқ, қаржылық қиыншылықтары бар салық төлеушілерге, қарыздардан құтылып, кәсіби жұмыстарын заң аясында жүргізуге толық мүмкіншілік беріледі.

2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан 2018 жылдың 1 қазанында болған жалпы сомасы 283 млн тң құрайтын негізгі қарызын төлеген 1891 салық төлеушінің 36,4 млн тң құрайтын өсімпұл мен 214 мың тң құрайтын айыппұлдарды есептен шығару жөніндегі шешімдер қабылданған.

Жалпы, алдын ала деректер бойынша 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 2018 жылдың  1 қазанына 3,8 млрд теңге салық берешегі бар 2 749 шағын және орта бизнес субъектісі рақымшылыққа жататынын естеріңізге саламыз

Бұл ретте шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік кірістер органдарына баруының қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылатынын назарларыңызға саламыз.

Сонымен қатар, оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілер, бересі сомасын толығымен төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару туралы арыздарын аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жолдау қажет.

Салық рақымшылық аясында барлық туындаған сұрақтар бойынша Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 35-51-87телефоны арқылы және салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларына хабарласуға болады.

Медиаон ақпарат