Басты бет > Білім > Шымкент: «Салауатты өмір салтын ұстанайық» тақырыбында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Нұртаев баспасөз-брифингін өткізді

Шымкент: «Салауатты өмір салтын ұстанайық» тақырыбында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Нұртаев баспасөз-брифингін өткізді

 

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығанда Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Нұртаевтың қатысуымен баспасөз-брифингі өтті.

2019 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294,4 мың адамды құрап, қаладағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 28,6% құрады. 2020 жылы бұл көрсеткішті 30% жеткізу жоспарлануда. Жыл басынан бері қала аумағында 252 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 45 мыңнан астам адам қатысты.

Шымкент қаласында мемлекеттік меншіктегі 31 спорт мекемелері жұмыс жасайды. Олардың қатырында «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» акционерлік қоғамы, 2 жоғары спорт шеберлер мектебі, 18 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиада резервін даярлау орталығы, 5 спорт клубы, «Жеңіл атлетикалық спорт кешені», «Орталық су-спорт кешені», «Қажымұқан атындағы орталық стадион», дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері бар. Аталмыш мекемелерде 1107 жаттықтырушы 18 796 спортшымен жұмыс жүргізуде.

Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік жекешілік-әріптестік тетігі арқылы 4 спорт нысаны жұмыс істейді.

2019 жылдың 11 айында қалада 856 спорттық нысан тіркелген. Оның ішінде: 3 стадион, 1 спорт сарайы, 1 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы,           6 спорттық құрылғылар кешені, 12 спорт кешені, 32 спорттық манеж (жеңіл атлетикалық-3, футбол-1, ат манежі-1), 1 есу базасы, 5 тир, 1 ату алаңы, 1 хоккей корты, 436 жазықтықты құрылғылар, 23 теннис корты, 1 ипподром, 8 бассейн, 255 спорт зал, 70 орнатылған спорт залдар бар.

Сондай-ақ, қала спортшылары спорттың 61 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 362 алтын, 342 күміс, 377 қола медаль жеңіп алды. 

Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары, 62 алтын, 34 күміс және 43 қола медальге қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 20 алтын, 13 күміс және 22 қола медальге ие болды.

Биыл 1 ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері, 25 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 121 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 391 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының сапына енген Шымкент қаласы спортшылары: ересектер – 433, жастар – 413, жасөспірімдер – 226 спортшы, барлығы1072 спортшы.

Қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен шұғылдануы үшін спорт клубы жұмыс жасауда. Спорт клубта 18 спорт түрі бойынша 373 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жаттығу жасайды.