Басты бет > Хабар > Шымкент: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – НАУҚАНДЫҚ ІС-ШАРА ЕМЕС

Шымкент: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – НАУҚАНДЫҚ ІС-ШАРА ЕМЕС

Шымкентте М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратында «ЖОО жағдайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың жүйелі тәсілі» атты семинар-тренинг өтті. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Нұрмағанбетов рухани жаңғырудың маңыздылығына тоқталды. Еліміздегі білім беру жүйесі үшін бағдарламаны жүзеге асыру «мүмкіндіктер кеңістігіне» айналғанын атап өтті.

На изображении может находиться: 11 человек, люди сидятСеминар-тренингте Шымкент қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Зәуре Оралбаева осынау бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Іс-шаралардың науқандық қана болмауын, биыл Шымкентте қала әкімдігімен бірге 40-тан астам ауқымды шара өткізілетінін тілге тиек етті.

– 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жылы мектептерге «Өлкетану» және «Өлкетану хрестоматиясы» пән ретінде енгізілді. Егер жас ұрпақ туған өлкесін жақсы білетін болса, бөлінген қаржының текке кетпегені, – деді Зәуре Әбдіхамитқызы.

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят, экран и в помещении

Тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев «Туған жер» арнайы жобасын атқаруда орын алған олқылықтарды атап өтті. Доценттің айтуынша, жастар қаламыздағы тарихи киелі орындарды дұрыс білмейді. Мекенжайын сұраған қонақтарға түсіндіріп, жөн сілтей алмайды. «Киелі, тарихи орындарды таныту мақсатында айлық жұмыстар өткізген жөн» деп, өз ұсынысын жеткізді. Басқа да доцент, тарих ғылымдарының кандидаттары «Рухани жаңғыру» аясында ой-пікірлерімен бөлісті.

Семинарда, «Ұлы Дала жауһарлары» сериясымен 5 томдық «Ежелгі дәуір антологиясының 3 томы», «Ұлы Даланың көне мамандары» жобасы бойынша «Музыкалық Фольклор. Дәстүрлі ән өнерінің» 3 томы таныстырылды.

Медиаон ақпарат