Басты бет > Саясат > Шымкент: «Полиция үшін ең қымбат – халықтың сенімі, олардың алғысы».

Шымкент: «Полиция үшін ең қымбат – халықтың сенімі, олардың алғысы».

Шымкент қаласы полиция департаментімен құқықбұзушылықтың алдын алу және қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбында Ақпараттық коммуникациялық орталықта баспасөз брифингі өтті

«Полиция үшін ең қымбат – халықтың сенімі, олардың алғысы».

Осы ұстанымға басымдық бере отырып және құқықбұзушылықтың алдын алуда және қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауда атқарылған профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қала көлемінде тіркелген қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 11856-дан 10314-ке яғни 13 % төмендеп, қылмыстардың ашылу пайызы 32-ден 35-ке жақсарған. Оның ішіндегі:

· Аса ауыр қылмыстардың саны 49-дан 27-ге, яғни 45 пайызға;

· Адам өлтіру жайттары 20-дан 11-ге, яғни 45 пайызға;

· Денеге ауыр дәрежеде жарақат салу бойынша 54-тен 36-ға, яғни 33 пайызға;

· Қарақшылық қылмысы 19-дан 16-ға, яғни 16 пайызға;

· Тонау жайты 379-дан 258-ге, яғни 32 пайызға;

· Бұзақылық қылмыстар 418-ден 360-қа, яғни 14 пайызға;

· Ұрлық жайты 7168-ден 6177-ге, яғни 14 пайызға;

· Бопсалау қылмысы 21-ден 14-ке, яғни 33 пайызды құрап жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 4212–ден 4121-ге, яғни 2 пайызға, ал көшелерде орын алған қылмыстар 2339-дан 2185-ке, яғни 7 пайызға азайған.

Отбасы тұрмысында жасалған қылмыстар 12-ден 29-ға яғни 141 пайызға, сотты болғандармен жасалған қылмыстар 692-ден 827-ге яғни 19 пайызға, мас халде жасалған қылмыстар 233-тен 276-ға, яғни 18 пайызға өскен.

Анықталған әкімшілік құқықбұзушылықтар 77 пайызға жоғарылап, бүгінгі таңда 1 млрд 534 млн теңгеге айыппұл салынып, 785 млн 778 мың теңге өндіріліп, өндіру пайызы 50-ден 51-ге жоғарылаған.

Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар 188-ден 137-ге, яғни 27 пайызға азайған.

Шымкент қаласы бойынша тіркелген автокөліктердің саны 112 мың 814-тен 235 мың 56-ға яғни 108 пайызға өскен. Осыған қарамастан, жол-көлік апатының саны былтырғы жылмен салыстырғанда тұрақты түрде 222-ден өспеген. Ал жарақат алғандардың саны 279-дан 285-ке немесе +2,2 пайызға өскенімен, қаза тапқандардың саны 53-тен 47-ге төмендеп, -11,3 пайызға түсіп отыр.

Шымкент қаласында жалпы қоғамдық саяси ахуал тұрақты, ағымдағы жылы 59 тұлғаның (2018ж.–25) қатысуымен 4 рұқсат етілмеген шерулер өткізу кезінде 16 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып (2018ж.–2), қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылуына жол берілмеді.

Көші-қон саласы бойынша:

2019 жылдың 9 ай көлемінде Қытай Халық Республикасынан уақытша тіркеуге тұрған азаматтардың саны 1980-нен 904-ке яғни 54 пайызға төмендеген. Өзбекстан Республикасынан уақытша тіркеуге тұрған азаматтардың саны 189174-тен 143309-ға яғни 24 пайызға төмендеген. Жыл басынан жалпы – 7220 шетелдік студент тіркелген. Оның ішінде Өзбекстан Республикасынан 6261, Түркіменстан -459, Индия – 410, Ресей – 29, Қырғызстан – 21, Қытай – 11, Ауғанстан – 6, Тәжікстан – 5, Түркия, Әзербайжан, Монғолия -4, Болгария-2, Сирия, Нидерланды, Оңтүстік Африка, Израиль -1.

Өткен жылмен салыстырғанда есірткі қылмыстар 299-дан 243-ке яғни 18 пайызға төмендеген. Оның ішінде есірткі сату дерегі 103-тен 69-ға яғни 33 пайызға, ірі көлемде есірткі сақтау дерегі 22-ден 6-ға яғни 72 пайызға азайған. Заңсыз

айналымнан тәркіленген есірткінің салмағы өткен жылмен салыстырғанда 17 кг 85 граммнан 27 кг 300 граммға яғни 10 кг 215 грамға асқан.

Азаматтармен қарым-қатынас және кері байланыс орнату:

Департамент құрылғалы бері халық алдында 3 рет есеп беріп, 12 рет тұрғындармен кездесулер өткізіліп, 3302 тұрғындар қатысып, сауалдарына жауап берілді. Қаланың аумағында 6 рет «Жолда қабылдау» акциясы өткізіліп, ол бойынша 8471 азаматтың жол қозғалысына қатысты уәждеріне жауаптар берілді. Сонымен жыл басынан 9 мың 511 арыздар өз шешімдерін тауып, қанағаттандырылуда.

Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық Полиция басқармаларының жанынан «Фронт-офистер» ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Полицейлер жұмысының тиімділігі, полиция қызметінің беделді болуына байланысты, еңбекақылары дифференциалды түрде көбейтіліп, баспананы жалға алу мәселесі бойынша Департаменттің 182 қызметкері қамтылып, жеке құрамның 23 пайызын құрады.

Материалдық-техникалық жағдай бойынша:

Шымкент қаласының Полиция департаментіне 11 ғимарат, 68 Учаскелік полиция пункттері және 42 стационарлық бекеттер қолданыста. Департаменттің балансына 472 қызметтік автокөлік бөлінген, оның 246-сы немесе 52 пайызы есептен шығарылуға жатады. Қазіргі таңда 134 автокөлік қажет етіледі.

Полиция қызметкерлерімен 18 қылмысқа жол берілген сыбайлас жемқорлыққа қатысты жасалған. Полиция қызметкерлеріне пара ұсынудың 10 фактісі анықталып, олардың парадан бас тарту жағдайлары мәлім болды. Осы бағытта жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда.

Медиаон ақпарат