Басты бет > Саясат > Шымкент: “Нұр Отан” Бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті

Шымкент: “Нұр Отан” Бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті

Бүгін Шымкентте 2019 жылдың 9 маусымы күні өтетін ҚР Президенті кезектен тыс сайлауына байланысты бірқатар бастауыш партия ұйымдарының жиыны өтті.

Алғашқылардың бірі болып Абай аудандық партия филиалына қарасты «Nur Otan» партиясы «Ақ-Тас» бастауыш ұйымы жиналысын өткізді. Бұл бастауыш партия ұйымының қатарында 500 астам мүшесі бар. Алқалы жиынға 200 астам БПҰ мүшелері, сондай-ақ саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

БПҰ төрағасы Ержан Тулендиев Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауын 2019 жылғы 9 маусымда өткізу жөнінде шешімін дұрыс шешім деп қабылдап, еліміздің саяси өмірінде болып жатқан ұлы өзгерістердің жалғасы деген ойды ортаға салды.

– Мемлекет басшысының бұл қадамын біздің бастауыш партия ұйымы мүшелері толық қолдайды. Еліміздің саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер уақыт талабымен, замана сұранысымен үйлесе үндесіп отыр. Жоғары билік өркениетті елдерде қалыптасқан дәстүр бойынша халықтың таңдауын білдіретін ашық сайлау нәтижесімен, бейбіт жолмен тағайындалуы қажет, – дейді ұйым жетекшісі.

№66 «Қазығұрт» атындағы Жалпы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Сәттар Райымбек әріптестерін еліміз үшін тағдырлы кезеңде өтіп жатқан саяси науқанға барынша жауапкершілікпен қарауға, ішкі бірлік пен ырысты ынтымақты сақтауға шақырды.

Жиналыс барысында «Nur Otan» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның 18 съезінде берген тапсырмалары- «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Бақытты отбасы» жобаларды жүзеге асыру барысы туралы №86 жалпы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Әлия Байғазиева баяндама жасады.

Мәжіліс қорытындысы бойынша аумақтық партия конференциясына 10 делегат сайлананып, қауылы қабылданды.

Медиаон ақпарат