Басты бет > Хабар > ШЫМКЕНТ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ШАҚЫРАДЫ!

ШЫМКЕНТ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ШАҚЫРАДЫ!

Шымкент қаласының жұмыссыз тұрғындары тегін кәсіптік білім ала алады Үміткерлерге шәкіртақы да қарастырылған. Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға шақырады

Шымкент қаласында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты – қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шеңберінде жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылған тұрғындар 3 айлық тегін қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өте алады. Сонымен қатар, талапкерлерге шәкіртақы қарастырылған. Өтініш берген кезде үміткер мына құжаттардың көшірмелерін ұсынады: 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда); 3) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқығанын растайтын құжаттарды (куәлік, сертификат болған жағдайда); 4) № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының № 086-У бастапқы медициналық құжаттама нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. Сондай-ақ, талапкерлер тізімдегі мамандықтар бойынша білім ала алады: 1.Аспаз; 2.Кондитер; 3.Визажист; 4.Шаштараз; 5. Маникюр шебері; 6.Электрик; 7.Дәнекерлеуші; 8.Авто электрик; 9.Автокран; 10. Сантехник және т.б. Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мекенжайы: Байтереков көшесі 89, байланыс телефоны: 8 (7252) 39-42-79.

Медиаон ақпарат