Басты бет > Хабар > Шымкент: Жаңа автобустар әлеуметтік бағыттарда қатынай бастады

Шымкент: Жаңа автобустар әлеуметтік бағыттарда қатынай бастады

Шымкентке жуырда ғана жеткізілген жаңа автобустар қоғамдық көлік бағыттарына бөлініп, қатынай бастады. Бүйірлеріне қаланың символы – қызыл қызғалдақ салынған аппақ автобустар әзірге үш әлеуметтік бағытта жүр. «T-bus» компаниясы жыл соңына дейін тағы 70 жаңа автобус жеткізуді жоспарлап отыр.

– Қаламызға жеткізілген 30 жаңа автобус әлеуметтік бағыттарға қатынайды, – дейді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жетекшісінің орынбасары Жарқын Байдуллаев. – Яғни, бұл қоғамдық көліктер қала орталығынан шалғайда орналасқан тұрғын алабтардың жолаушыларын тасымалдауда. Олар – Ынтымақ, Жаңаталап, Шапырашты, Өтеміс, Абдулабад, Ақжар, Ақтас, Мирас, Бадам-2, Текесу, Айнатас және басқа да елдімекендер.

Айта кетейік, «Ютонг» маркалы бұл автобустардың сыйымдылығы жоғары, заманауи және қолайлы. Бұл компанияның автобустары бұған дейін де қала көшелерінде қатынап жүр. Осылайша «T-bus» компаниясының өкілдері қаладағы жолаушы тасымалдау қызметінің сапасын жақсартуға үлес қосамыз деп отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.