Басты бет > Саясат > Шымкент: Атаулы әлеуметтік көмекте өзгерістер!!!

Шымкент: Атаулы әлеуметтік көмекте өзгерістер!!!

Көп балалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну, бұл ретте көп балалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып тасталынады. Сонымен қатар, бұл көп балалы аналардың материалды жағдайына және әлеуметтік статусына қарамай авторитетін мойындау болып табылады және елімізде бала туу көрсеткішін жоғарылатады.

Шымкент қаласы бойынша АӘК алатын 53 616 (264 804 адам) отбасының ішінде 17 943 (116 720 адам) көп балалы отбасылылар немесе 44%-ы.

Сондықтан көп балалы отбасылар үшін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көп балалы, яғни 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді.

Бұл төлемнің мөлшері отбасындағы бала санына байланысты дифференциалды болады, орта есеппен әр баларға 10-11 мың теңгені құрайды, және 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған жәрдемақының мөлшерінен 4-7 есе артық болады.

Бұл көп балалы отбасыларға қосымша қолдау болады.

Екіншісі – аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру.

АӘК аз қамтамасыз етілген, соның ішінде көп балалы отбасыларға төленеді.

Критерийі өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы деңгейінде қалады.

АӘК мөлшері бұрынғыдай жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырма ретінде төленетін болады. Бұл ретте, табысы жоқ отбасылар биылғы жылғы мөлшермен бірдей алатын болады.

Ең басты шарттардың бірі – отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі керек және отбасы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Біз ол үшін АӘК шартты ақшалай көмек түрінде көмек көрсетеміз және бірінші кезекте аз қамтылған отбасылардағы жұмыссыз азаматтарға бағытталатын «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасының потенциалын максималды қолданамыз.

Біз оларға бос жұмыс орындарға, мемлекетпен субсидияланатын жұмыс орындарға жұмысқа орналасуды, өз бизнесін ашу үшін жеңілдікпен микро кредит және қайтарымсыз гранттар алуды ұсынамыз.

*Көп балалы отбасыларды шағын және кіші, соның ішінде үйде бизнеске тарту құралдарын ендіру бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу:

– микрокредит мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту;

– үстемақының номиналды жарнасын 4%-ға дейін төмендету;

– тұрып жатқан жеріне қарамастан (қала/ауыл) берілетін микрокредит соммасы бойынша шектеулерді алып тастау;

– аз қамтылған және көп балалы отбасыларды жұмыспен қамту бойынша нысаналы индикаторын бекіту (микрокредит, грант беру).

Бұның барлығы отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамту шараларынан бас тартатын болса, онда АӘК тек оған ғана емес, бүкіл отбасыға тоқтатылады.

Үшіншісі – барлық АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакетті ұсыну.

Аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет ендіріледі.

Пакет:

– Мектепке жасына дейінгі балалар үшін: балаларға арналған тамақ, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтері (323,4 мың балаға 5 302 теңгеден);

– Мектеп жасындағы балалар үшін – мектепте ыстық тамақ, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері, жол ақысын өтеу (ыстық тамақ: күніне 300 теңгеден 480 мың балаға 6 628 теңге, жолақысы: 222 мың балаға 2 069 теңгеден, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері: табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40% аспайтын 245 мың балаға 25 000 теңгеден).

*1 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке жастағы балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында келесі тауарлар ұсынылады:

– гигиена құралдары, тоқсанына 1 рет 1774 теңгеге (балалар тіс пастасы, тіс щеткасы, балаларға арналған гипоаллергенді крем, сусабын, кір сабын және кір жуғыш зат);

– физиологиялық нормаларға сәйкес ғылыми-негізделген балалар үшін арналған азық-түлік жиынтығы, 4710 теңге ай сайын. Барлық өнімдер мен гигиена құралдары ай сайын 5302 теңгеге тең болады.

Сонымен бірге, біз кепілдендірілген пакетте медициналық көмек, оның ішінде стоматологиялық көмек көрсетуді тағайындамаймыз, өйткені 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмектің және жалпы медициналық сақтандырудың кепілдендірілген көлемі бойынша, барлық балаларға, олардың табысы аз немесе аз екендігіне қарамастан беріледі.

Медиаон ақпарат