Басты бет > Білім > «Шымкент агротехникалық колледжі» еліміздің 10 үздік оқу орнының санатында

«Шымкент агротехникалық колледжі» еліміздің 10 үздік оқу орнының санатында

 

Кенжехан Төлебай “Шымкент аграрлық колледжінің” директоры 

Еліміз егемендігін алып, ширек ғасырдың табылдырығын аттаған сәтте, білім саласының ролі Қазақстан үшін ерекше болуы шартты. Оңтүстік Қазақстан облысының білім және ғылымда жеткен жетістіктері аз емес. Олай айтуымызға да себеп бар мемлекетіміздің орта арнайы кәсіптік оқыту оқу орындарының арасында оқ бойы озып үздік ондыққа кірген  «Шымкент аграрлық колледжі» бүгінде 1508 студентке сапалы білім беруде.  Шымкент аграрлық колледжі Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы саласына орта арнаулы кәсіптік мамандар дайындайтын базалық оқу орны болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің 2016 жылдың қорытындысы  бойынша Облыс әкімдігі жанынан құрылған комиссияның ұйғарымы негізінде Шымкент аграрлық колледжі «Үздік колледж-2016» номинациясына ие болады.

Тарихы

Қазақстан Республикасының Оңтүстік өңіріндегі ауыл шаруашылығына орта буын мамандар дайындайтын іргелі оқу орнының бірі. Колледждің  іргетасы 1972 жылы Қазақ ССР-і Министрлер Советі қаулысына сәйкес ауыл шаруашылық министрлігі бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік ауылшарушылық тәжірибе станциясы негізінде құрылған, бұл колледж-«Шымкент совхоз-техникумы» деп аталды. 1996 жылдан 2000 жылға дейін «Шымкент агротехникалық колледжі» деп,  ал 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан әкімиятының 14-наурыздағы №121 қаулысы негізінде «Шымкент аграрлық колледжі» болып аталды.

 МАМАНДЫҚТАРЫ

Бүгінгі таңда колледж «Жаңа оқыту технологияларын енгізу арқылы кәсіби шеберлігі жоғары, ұлтжанды, әлемдік озық мәдениет үлгілерін бойына сіңірген, нарық жағдайына бейімделген, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау» мақсатында 15 мамандық бойынша оқушыға білім және тәрбие беруде.

Колледжде оқытылатын мамандықтар:

Коды Мамандығы
1502000 «Агрономия»
1503000 «Өсімдік шаруашылығы»
1511000 «Жерге орналастыру»
1508000 «Орман  шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылыс»
1510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»
1513000 «Ветеринария»
1512000 «Зоотехния»
0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» (салалар бойынша )
1514000 «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану»
1222000 «Консервілер және тағам концентраттары өндірісі»
1226000 «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру  технологиясы және оны ұйымдастыру»
0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
0601000 «Метрология, стандарттау және сертификаттау»
0104000 «Кәсіптік білім беру» (салалар бойынша)
1224000 «Сүт тағамдарының өндірісі»

 2013-2014 оқу жылында 6 мамандық бойынша 38 әлеуметтік серіктестермен бірлесе отырып дуалды оқыту жүйесі бойынша оқу бағдарламалары жасалып, оқу үрдісіне енгізілді, олар:

  1. 1513000«Ветеринария»
  2. 1510000 -«Ауыл шаруашылығын механикаландыру»
  3. 1226000 – «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру»
  4. 0902000 -«Электрмен қамтамысз ету» 
  5. 1508000 – «Орман шаруашылығы, бақша саябақтық және ландшафтық құрылыс»
  6. 1502000 – «Агрономия»
Студенттер өсірген алма бауы

2015-2016 оқу жылында «Кәсіпқор» Холдинг» шетелдік компаниялармен  бірлесе отырып, жаңадан 45 білім беру беру бағдарламасын әр түрлі мамандықтар бойынша дайындады. Осы бағдарламаларды оқу орындарында енгізу үшін әр 10 базалық колледж негізінен бейінді мамандықтарды таңдады. Бізде осы оқу бағдарламалары ішінен 10 мамандықты модульдік оқыту жүйесі негізінде жұмыстық оқу жоспарларымен оқу бағдарламаларын дайындап, бүгінгі таңда осы жүйе бойынша оқушыларды оқытудамыз.

Олар:

  1. 0508000- «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
  2. 0902000- «Электрмен қамтамасыз ету»
  3. 1222000- «Консерві және тағам концентраттары өндірісі»
  4. 1513000- «Ветеринария
  5. 1510000- «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»
  6. 1226000- «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру»
  7. 1508000- «Орман шаруашылығы, бақша-саябақтық және ландшафтық құрылыс»
  8. 1502000- «Агрономия»
  9. 1224000 – «Сүт тағамдарының өндірісі»,
  10. 1514000 – «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану (салалар бойынша)»,
Студенттер өсірген жүзім бауы

Материалдық-техникалық база:

  • Арнайы жабдықталған дәрісхана – 58.
  • Зертхана – 25.
  • Шеберхана – 5.
  • Компьютерлік кластар – 4.
  • Интерактивті тақта – 25.
  • Колледжде халықаралық интернет жүйесіне қосылып,

электрондық байланыс жүйесі құрылған.

  • Кітапхана.
  • 350 орындық мәжіліс залы.
  • Спорт кешені, жазғы спорт алаңы.
  • 440 орындық жатақхана.
  • Автодром.
  • Тәжірибе танабы.
  • Асхана.
  • Алғашқы әскери дайындық оқу алаңы.
  • Жылыжай.
  • Оқу-өндірістік база.
Студенттер бал араның балын алу үстінде

Колледждегі кітапхана қоры.

Жалпы оқулықтар саны Әдеби оқулықтар Жалпы білім беретін оқулықтар Арнайы пән оқулықтар Электронды оқулықтар Оқу-әдістемелік құралдар
45130 16892 11748 16315 344 175

 

ЖЕТІСТІКТЕРІ              

Қаржаубай Ағерке
3 курс студенті

Оқу тәжірибе ісін заман талабына сай жабдықталған дәрісханалар мен зертханалар, компьютер кластары, әдістемелік кабинеті, оқу залы, кітапхана, спорт зал, медпункт, автотрактродром және оқу-өндірістік база шеңберінде жүргізеді. Оқу өндірістік базада дуальды оқыту  жүйесін жүзеге асыру мақсатында «Агрономия», «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшаф құрылысы»  мамандықтары бойынша алма, жүзім  плантациялары, қызанақ, болгар бұрышы, бидай, арпа, жүгері  танапшаларымен  қатар заман талабына сай жабдықталған жылыжай, «Зоотехния», «Ветеринария» мамандықтары бойынша  ауру малдарға нақты диагноз қоюға мүмкіндік беретін ультрадыбысты толқындармен зерттейтін құрал-жабдықтар, инвазиялық ауруларға қарсы ағзадағы жұмыр құрттарды дұрыс ажыратуға  мүмкіндік беретін трихипелескоп, сүттің майлылығын және қышқылдылығын  тексеретін «Лактан құрылғысы, сондай-ақ арнайы мал  тұрақтарында  төрт түлік мал мен қояндар, үй құстары және зертханалық жануарлар, бал омартасы топтастырылған.

Аталмыш оқу базасында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Электрмен  қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша арнайы жасақталған автотұрақ, механикалық цех және соңғы үлгідегі техникалар  жасақталған.

«Тамақтандыру кәсіпорынның өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру», «Консерві және тағам концентраттары өндірісі», «Сүт тағамдарының өндірісі» мамандықтары бойынша  электр пештері, блендер, миксер, слайсер, тоңазытқыштар, тарату желісі, сүт өнімдерін өңдейтін  цехтармен толыққанды жабдықталған. Компьютерлер классы INTERNET жүйесіне қосылған. Электронды оқулықтар топтастырылған. Кітапхана қоры оқытушылардың ғылыми шығармашылық және өздерінің жеке еңбектерімен толықтырылған.

2014-2015 оқу жылында ұлттық бизнес – рейтингтің қорытындысы бойынша  колледж  Алтын қыран     «Сала көшбасшысы -2015» медалімен, арнайы  ұлттық -2015 және үздік  колледж басшысы сертификатымен марапатталған.

 

Колледж оқытушылары Республикалық, облыстық деңгейдегі байқауларда жүлделі орындарды иеленді.  Атап айтқанда: Республикалық  «Үздік психолог -2015» байқауында колледж психологы Бейпенова Нағима  жүлделі – ІІІ-орынды, Облыстық «Жыл шебері  -2015»  байқауында Бекаулов Оңласбек  жүлделі -ІІІ орынды,  Облыстық «Жыл аспазы -2015» байқауында Мұстапаева  Шолпан  жүлделі -ІІ орынды иеленді.

Сонымен қатар колледж білім алушылары:

2016 жылы колледж оқушысы Исабаева Зарина  Халықаралық деңгейде жасөспірімдер  арасындағы «КИКБОКСИНГ»  жарысында  «Алтын медалға» ие болды. Кикбоксингтен халықаралық  турнирде оқушылар Айтбаев М., Рахматулла А., Бексауыт  Н.  І-ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. WorldSkills «Жыл шебері-2016» аймақтық чемпионатында Рахматулла А. ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған  «Жас ғалым» атты ІІІ республикалық ғылыми жұмыстар сайысында оқушылар Мамырбек Д. (І-дәрежелі диплом), Тұрсынбаев Е.(І-дәрежелі диплом), Айтжанова Е. (ІІІ-дәрежелі диплом), Тажахметова Қ. (ІІІ-дәрежелі диплом) дипломдармен, Техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің  білім алушылары арасында өткізілгін «WordSkills Kazakhstan –Жыл шебері-2016» аймақтық чемпионатында «Аспаз» саласы бойынша  ІІ дәрежелі дипломмен ТК9-131 тобының студенті Рахматулла Азат,

Аманова Гульнара Айдаровна “Ветеринария, зертхана” меңгерушісі

«WordSkills Kazakhstan –Жыл шебері -2017» аймақтық чемпионатында «Аспаз» саласы бойынша КТК9-141 тобының студенті Ахмедова Камола І дәрежелі дипломмен, Халықаралық WorldSkills чемпионаты аясында өткен WorldSkills Shymkent-2017 байқауында  Әзербай Райымбек жүлделі ІІІ-орын алғаны үшін Оңтүстік Қазақстан білім басқармасының әдістемелік кабинетінің директорының дипломымен марапатталды. Қарағанды облысында І Республикалық  үздік ветеринарлық- фельдшер байқауында колледж студенті Бердіш Жансая жүлделі                ІІІ орынды  иеленді.

Колледж оқытушыларының 6 кітабы, республикалық, облыстық ғылыми шығармашалық конференцияларда 58 мақалалары баспасөз беттерінде жарық көрді.

Аграрлық сала мамандарын  жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді оқытатын  қайта даярлау орталығы ашылып, тыңдаушылар білім алуда.

«Шымкент аграрлық колледжі» МКҚК-ның әкімшілігі Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының 2015 жылдың  3 қыркүйегіндегі №18 хатына сәйкес, КАZ-SНҮРІТ жобасы бойынша  аға кеңесшілер қызметі Sеnіоr Ехреrіеn Sеrvісе (SES) бағдарламасы аясында:

1502000 – «Агрономия»  мамандығы бойынша: 

  1. Жылыжайды және какостық субьстратта  қияр дақылын өсірудің  ерекшелігі;
  2. Өсімдік аурулары мен зиянкестерін анықтау жолдары және олармен күресу шаралары;
  3. Қарқынды технологиямен  алма бауын өсіру технологиясы;
  4. Алма дақылының даму кезеңіне байланысты  минералды тыңайтқыштарды енгізу жолдары;
  5. Ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыруда ауыспалы егістерді қолданудың тиімді әдістемесі;
  6. Тамшылатып суару тәсілімен көкөніс дақылдарын өсірудің әдістемесі.

және

1226000-«Тамақтандыру өндірісі тағамдарының технологиясы және оны ұйымдастыру»:

  1. Тамақтандыру кәсіпорындарының типтері, олардың жұмысын ұйымдастыру;
  2. Қоғамдық тамақтандыру орындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  3. Банкеттің түрлері, оларды ұйымдастыру;
  4. Ас мәзірін құрастыру;
  5. Калькуляция;
  6. Әлемдік асханалардағы ас мәзірін дайындау тақырыптары негізінде  аталмыш, 1513000-«Ветеринария» мамандықтары бойынша Германия мемлекетінен келген аға эксперттермен оқытушылардың  біліктілігін арттыруда әлемдік тәжірибемен алмасу мақсатында  курстар  өткізіліп жатыр. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Облыстық білім басқармасының келісімімен мамандықтар бойынша 36 сағаттық біліктілік арттыру курсының бағдарламасы бекітіліп, облысымыздағы кәсіптік техникалық білім мекемелерінің директор орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары , өндіріс шеберлері, біздің оқу өндірістік базамызда біліктілік арттыру курстарынан өтуде. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан колледждердің мамандарын біздің колледждің базасында жинап, мамандықтар бойынша модулдік оқыту жүйесін оқу үрдісіне енгізіп, оқу бағдарламаларын дайындау мақсатында жоспарлы түрде біздің оқытушылар семинар- кеңестер өткізуде.

Осындай жетістіктердің арқасында ОҚО бойынша 92 колледждің арасында 2016 жылдың қорытындысы бойынша Облыс әкімдігі жанынан құрылған комиссияның ұйғарымы негізінде Шымкент аграрлық колледжі «Үздік колледж-2016» номинациясымен марапатталды.

Салыбекова Светлана Куанышбековна “Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру” бөлімінің меңгерушісі

«Кәсіпкер холдингі» КЕАҚ ҚР  техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне  кредиттік модульдік технологиясын кезеңмен енгізу» жұмыс  жоспарын іске асыру  шеңберінде және  техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарында инновациялық білім беру  технологияларын енгізу сұрақтарын талқылау үшін  Шымкент аграрлық колледжі базасында  2017 жылдың  2 маусымында «Техникалық және  кәсіптік білім беру  жүйесінің  мазмұнын жаңғыру арқылы Қазақстанның  агроөндіріс кешеніне арналған кадрларды  даярлаудың  инновациялық жолдары» тақырыбында республика көлемінде семинар-практикум өткізілді.

 

Асқар Асылбек Жұмабайұлы директордың оқу ісі бойынша орынбасары

Семинардың-практикум мақсаты ҚР техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарында инновациялық білім беру  технологиялардың, оның  ішінде  оқыту  мазмұнына модульдік-құзіреттілік  тәсілдемені қолдану, кредиттік-модульдік технологиясы,  арнайы пәндерді  ағылшын тіліне оқыту,  бейіні мамандығы бойынша  кадрлар  даярлаудағы  заманауи тәсілдемелер, қолданбалы  бакалавриатты енгізу  мен іске  асыру  сұрақтарын қарастыру мен талқылау.

 

 

 

Сағындық ЖАНЫСБАЕВ

Медиаон ақпарат           

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.