Басты бет > Саясат > Шымкент: Абай ауданының әкімі есеп берді

Шымкент: Абай ауданының әкімі есеп берді

Шымкентте Елбасы жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері басталды. Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановтың халық алдындағы есебі Қазығұрт шағынауданындағы №66 мектепте өтті.

Есепті жиынға Абай ауданына қарасты Қазығұрт, Құрсай, Айкөл тұрғын алабының халқы мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, әкімдікке қарасты дербес бөлім басшылары және құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қатысты.

Аудан әкімі Бұхарбай Парманов алдымен 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен аудандағы өзекті мәселелерге тоқталды. Аудан басшысы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау бойынша 132 жиналыс пен іс-шаралар өткізіліп, 22500 адам қамтылғанын айтты.

– 2017 жылы ауданда 406 көшені тазалауға 230 млн теңге бөлінсе, өткен жылы аудан аумағындағы 685 көшенің санитарлық тазалау жұмыстарына 255 млн 229 мың теңге жұмсалды. Бұл жұмыстарды 4 мердігер мемеме («Арнаулыавтокөлік» ЖШС, «Бадам Тас» ЖШС, «Ақсемсер» ЖШС, «Айдынбек» ЖШС) атқарды. Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлер мен ішкі орамдық көшелердегі қураған талдарды бұтау, шөп ору жұмыстарына 55 млн 878 мың теңге бөлініп, 3 мердігер тиісті жұмысты орындады, – деді Б.Парманов.   

Аудан әкімі бұған қоса инфрақұрылымды дамытуда электр энергиясы, ауыз су және көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша атқарылған нақты жұмыстарды баяндады. Аудан аумағындағы шағынаудандар мен тұрғын алабтардағы үйлерді сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 84%-ды құрайды. Қалған үй тұрғындары тасымал және ұңғыма суын пайдалануда.

   

Кездесуге қатысқан тұрғындар жарыссөзге шығып, шешімін таппай келе жатқан мәселелерге қатысты сұрақтар қойды. Жалпы, жиынға қатысушылар аудан әкімінің өткен жылы атқарған жұмысына оң бағасын беріп, алдағы істеріне сәттілік тілесті.

Медиаон ақпарат