Басты бет > Саясат > Шымкенттің орталық саябағы жаңартылуда

Шымкенттің орталық саябағы жаңартылуда

Шымкенттегі бір ғасырға жуық тарихы бар орталық саябақ биыл көктемде жаңартылады. Аумағы 8 гектарды құрайтын демалыс орнында бүгінде жаңа орындықтар мен қоқыс тастайтын құтылар орнатылуда. Сондай-ақ, мұнда 15 кісіге арналған 3 сәкі де қойылады.

Саябақта бүгінде 56 орындық пен бірнеше құты алмастырылып үлгерген. Ал ескі орындықтар мен құтылар қайта жөнделіп, қала сыртындағы демалыс орындарына, этносаябаққа және жаңадан қолға алынған шатқалдарға қойылады деген жоспар бар.

Саябақтағы ағаштардың кейбірі 100, кейінгілері 50, 60 жыл бұрын егілген. Жыл сайын мұнда жүздеген жас-дарақ жерсіндіріледі. Көктемде алуан түрлі гүл жайқалып тұрады. Былтыр саябақта 40-тан астам қылқан жапырақты ағаш пен 25 аққайың егілген.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.