Басты бет > Жастар > Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» клубы «Барселонамен» күш сынасады

Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» клубы «Барселонамен» күш сынасады

5
views

Шымкентте 12 қыркүйек күні футболдан әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/16 кезеңі өтеді. Жергілікті «БИІК-Қазығұрт» командасы мен испаниялық «Барселона» командалары арасындағы ойын Шымкент қаласындағы «Намыс» стадионында (БИІК-Тассай) болады. Матч 17:00-де басталады.

Еске сала кетсек, 2015/2016 жылғы маусымда да шымкенттік арулардың каталондық футболшылармен жолдары түйіскен болатын. Шымкентте өткен алғашқы матчта командалар 1:1 есебімен тең түссе, Испаниядағы қарымта кездесуде «Барселона» 4:1 есебімен басымдық танытқан еді. Бұл жолы қалай болар екен?

Келіңіздер! Барлығымыз өз командамызға жанкүйер болайық! Кіру ақысыз.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *