Басты бет > Саясат > ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНДЕ ОҚУДАН ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНДЕ ОҚУДАН ӨТУДЕ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті мен “Шымкент – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің бастамасымен ЖОО-да “Парасаттылық мектебі” жұмысы жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 15-18 шілде аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жазғы семестрдегі сабаққа қатысатын, академиялық қарызы бар және басқа оқу орындарынан ауыстырылған студенттер арасында Парасаттылық мектебінің оқыту бағдарламасы аясында дәрістер, семинарлар, тренингтер өткізілді.
Оқыту барысында жастармен шынайы адал адамдарға тән басты қасиеттер талқыланды.
Дәріскерлер пікір алмасу барысында болашақ ұрпаққа қандай жағдай болмасын ар-намыс пен парасаттылықты ұмытпау қажеттігін жеткізді.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Жазғы семестрге ауысып келген және қайта оқуға қабылданған студенттер академиялық айырмашылықтарын және академиялық қарыздарды жою үшін 2181 студент 6149 пәнге тіркелді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңа нормативтік құжаттарына сәйкес, FX «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған білім алушыларға аралық аттестаттау кезінде немесе емтихан сессиясынан кейінгі демалыс уақытында ол пәндерді тегін тапсыру мүмкіндігі берілуіне байланысты былтырғы жылдың Жазғы семестрімен салыстырғанда академиялық қарызы бар студенттердің саны 1832-ге және пәндер саны – 7710-ге кемігенін айта кету керек.
Осылайша, Жобалық кеңсе қаланың белсенді азаматтарымен бірлесіп студенттердің жазғы сессия және емтихандарға қатысуына мониторинг жүргізді, ЖОО-ның жұмысын бағалау барысында елеулі бұзушылықтар анықталған жоқ.