Басты бет > Хабар > ШЫМКЕНТТІКТЕР МЕГОПОЛИС АТАНУЫНА ОРАЙ ƏЛЕМДІК СПОРТ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР МЕГОПОЛИС АТАНУЫНА ОРАЙ ƏЛЕМДІК СПОРТ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

29
views

Шымкенттің мегаполистер қатарына қосылуына орай қала тұрғындары денені жерге түсіріп-көтеру жаттығуын миллион рет орындады. Осылайша, шымкенттіктер əлемдік спорт рекордын жаңартты.

Əл-Фараби алаңында өткен спорттық іс-шараға шаһардың бес мың тұрғыны қатысты. Аталған спорттық іс-шараға қатысқан қала əкімі Нұрлан Сауранбаев спорттық бағдарламаны толық орындап шықты. Спорттық рекордты КИнЭС-2018 қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркеп, арнайы сертификат тапсырды.

Еске салайық, жуырда Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары» деген болатын.

Осы ретте ОҚО жəне қала əкімдері Шымкенттің мегаполис атануына орай қалалықтарға үндеу жолдады. Шымкентте осы мəселеге қатысты конференциялар да өтті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *