Басты бет > Жастар > Шымкенттіктер Жастар жылының ашылу салтанатын тікелей эфирде тамашалады

Шымкенттіктер Жастар жылының ашылу салтанатын тікелей эфирде тамашалады

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Онда Президент жас буынды Жастар жылының басталуымен құттықтады. Президент өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған іс-шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керегін айтты.

Жиынға барлық өңірдегі жастар онлайн режимде байланысқа шықты. Мегаполис мәртебесін иеленген Шымкент қаласының 100-ге жуық жалынды жастары қала әкімдігінің ғимаратында бас қосып, Елбасы қатысқан салтанатты жиынды тікелей эфирде тамашалады.   

Онлайн режимдегі тікелей байланыс кезінде Шымкент қаласындағы ЖОО-ның студенттері, өнер, ғылым, бизнес, спорт және т.б. саладағы үздіктер жиналды. Іс-шара соңында жиынға қатысушылар жастардың бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторы екенін тілге тиек етіп, замандас өскелең ұрпақты әрдайым белсенді әрі отансүйгіш болуға шақырды.

Медиаон ақпарат