Басты бет > Білім > Шымкентте 500 өнерпаз флешмоб жасады.

Шымкентте 500 өнерпаз флешмоб жасады.

34
views

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкент қаласында өткен «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалінде ең әуелі 50 барабаншы өз өнерлерін көрсетіп, 50 күйші Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын»  күйін орындаса, 500 өнерпаз «Рухани жаңғыру»   флешмобын жасады.
Шымкент қаласындағы оқушылар сарайында мәдениет үйлері мен клубтардағы қолөнер және қылқалам шеберлері үйірмесінің көрмесі ұйымдастырылып, ағаштан жасалған бұйымдар да көпшіліктің қызығушылығын арттырды.

Қаладағы түрлі жанрлар бойынша үйірме қатысушыларының гала-концертінде «Жерұйық» қойылымы тарих беттерінен сыр шертіп, бүгінгі жарқын күннің жайын кеңінен аңғартса, ең жас үйірме мүшелерінің «Сарбаздар» және «Бәйге» биі көрермен ықыласына бөленді. Концертте туған жер қасиеті әнмен дәріптеліп, Астананың 20 жылдығы да бағдарламада кеңінен көрініс тапты.
Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 9 сәуірінен бастап өңіріміздің аудан, қалаларында өтіп жатқан фестивальдің мақсаты-мәдениет үйлері мен клубтардың халыққа заманауи мәдени қызмет көрсету шараларын жақсарту, жұмыс сапасын арттыру, халық шығармашылығын дамыту және көркемөнерпаздарға қолдау көрсету болып табылады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *