Басты бет > Саясат > Шымкентте 2000 – нан астам мемлекеттік қызметкер кәсіби біліктілігін арттырған

Шымкентте 2000 – нан астам мемлекеттік қызметкер кәсіби біліктілігін арттырған

Ақпараттық Коммуникациялық Орталықта ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры, 60 – тан астам ғылыми еңбектердің авторы А. Есенгельдина БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

Брифинг барысында спикердің айтуынша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы филиалында 2000 – нан астам мемлекеттік қызметкер біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарында оқытылды.

– Оқыту барысында мемлекеттік қызметкерлердің өз жұмыстарын сапалы әрі кәсіди деңгейде орындау үшін жаңа дағдылар мен құзіреттерге ерекше мән берілді, – деді филиал директоры.

Анар Сатыбалдықызының мәлімдеуінше 2019 жылдың басынан Филиалда өңірлік дамуды трансформациялау тақырыбында Шымкент қаласының 4 аудан әкімі біліктілік курсынан өткен.

Бүгінгі таңда Филиал негізінде ҚР Президенті жанындағы МБА магистратура мен докторантура бойынша оқу бағдарламаларына оқуға түсуге ниет білдірген мемлекеттік қызметкерлерге арнайы ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, Филиал негізгі қызметтен бөлек, қаланың әлеуметтік мәселелеріне де көңіл аударады. Нақтырақ айтсақ, Шымкент қаласының Жасөспірімдер үйіне қамқорлық жасап, 18 бен 23 жас аралығындағы азаматтарға қосымша құзыреттерді меңгеруге, шет тілін үйренуге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек туралы және басқа да өздеріне қажетті ақпаратты ала алады.

Айта кетерлігі, 2019 жыл ҚР Президенті жанындағы Мемлекетттік басқару академиясы болып табылатын мекеменің құрылғанына 25 жыл толумен есте қалмақ.

Сондай – ақ, Филиал негізгі қызметтен бөлек, өз тарапынан қаланың әлеуметтік мәселелеріне де көңіл аударады.

Медиаон ақпарат

Фото: Береке Сейтжаппар