Басты бет > Мәдениет > Шымкентте 19 маусым Қала күні болып бекітілді

Шымкентте 19 маусым Қала күні болып бекітілді

9
views

Шымкентте Қала күні мерекесі ретінде 19 маусым белгіленді. Тарихи шешім қалалық мәслихаттың бүгін өткен кезектен тыс 40-сессиясында бекітілді.

Сессия отырысының күн тәртібінде қаралған 2 мәселенің бірі Қала күнiн белгiлеу болатын. Осы мәселе бойынша қала әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымов сөз алды.

 

 

Шаhар басшысы қала күнiн Елбасының Жарлығына сай, 19 маусым күнi етiп белгiлеудi ұсынды. Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бiрауыздан қолдады.

 

Еске салайық, биылғы 19 маусымда Мемлекет басшысы Шымкент қаласына республикалық дәреже беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

   

– Еліміздің үшінші мегаполисі үшiн жаңа тарихи кезең басталды. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы 19 маусым күні қаламызға жаңа мәртебе бердi. Бiз Шымкент қаласының күнiн осы тарихи шешiмге байланысты 19 маусым етiп белгiлеп отырмыз, — дедi қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *