Басты бет > Жастар > Шымкентте 1 миллионнан астам қызғалдақ жайқалып тұр

Шымкентте 1 миллионнан астам қызғалдақ жайқалып тұр

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент шаһары қызғалдақтар ордасына айналды.  Бүгінгі таңда қалада 1 млн. 37 мың түп қызғалдақ жайқалып тұр. Незінен голландиялық сортты қызғалдақтың 6 түрлі түсі егілген. Олардың қатарында сары, қызыл, көк, қызғылт, қызғылт сары және күлгін түстісі бар.Айта кетерлігі, қызғалдақтар ұлттық ою-өрнек  және геометриялық фигуралар түрінде, сондай-ақ Шым шаһардың логотипі кейпінде отырғызылған. Мамандардың айтуынша, қаладағы көркем көріністер 15-20 күн аралығында ғана сақталатын болады. Сондықтан әдемі көріністерден ляззат алудан қалыс қалмауға шақырады. Қызғалдақтар маусымынан соң орнына жалпы 14 мың шаршы  метр аумаққа өзге түрлі гүл сорттары отырғызылады. Олар Шымкент қаласындағы саяқбақтар мен гүлзарлардың, қоғамдық орындардың ажарын ашатын болады. 

 Медиаон ақпарат

Сурет авторы: Береке  Сейітжаппар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.