Басты бет > Саясат > ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ЖЫЛЫ 450 АНА АЛТЫН МЕН КҮМІСТЕН АЛҚА ТАҚТЫ

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ЖЫЛЫ 450 АНА АЛТЫН МЕН КҮМІСТЕН АЛҚА ТАҚТЫ

Шымкент қаласында 2018 жылы көп балалы 97 ана «Алтын алқа», 353 нәзік жан «Күміс алқа» тақты. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары мәлім етті.

Қазіргі таңда үшінші мегаполисте барлығы 31008 көпбалалы ана тұрады. Оның ішінде «Алтын алқа» белгісінің иегерлері – 2220, «Күміс алқа» иегерлері – 6056, «Батыр ана» – 511, «Ана даңқы» бірінші, екінші дәрежедегі – 796 ана болса, 21425 азаматша 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар аналардың қатарын толықтырған.
Өткен жылы «Алтын алқа» таққан көпбалалы аналардың ең жасы – 29 жаста болса, дүниеге алты перзент әкеліп «Күміс алқа» таққан аналардың қатарында ең жасы 28 жаста. Бұлар Абай ауданының тұрғындары Нұрмаханова Мөлдір мен Есеналиева Жансұлу есімді алтын құрсақты аналар.

Медиаон ақпарат