Басты бет > Саясат > Шымкентте үйлер мен әлеуметтік нысандар жаңаша жолмен салынбақ

Шымкентте үйлер мен әлеуметтік нысандар жаңаша жолмен салынбақ

2017 ж. Шымкентте 76 тұрғын үй пайдалануға берілді. Олардың 27 – бюджет есебінен болса, 39 – Ұлттық компанияның, 10 – жеке инвестициялар есебінен салынған.

2018 жылы 162 үйдің құрылысы жалғасады: 56 – бюджет есебінен, 9 – Ұлттық компанияның, 97 – жеке инвестициялар есебінен салынады. 20 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Бұдан өзге, 2018 жылы бюджет қаражаты есебінен тағы 21 нысан пайдалануға берілмек: 10 инженерлік инфрақұрылым және 11 әлеуметтік нысан (оның ішінде 7 мектеп және 1 балабақша). Қалада бюджеттік қаржы есебінен басқа жекеменшік балабақшалар салынып, қолданысқа беріліп жатқанын да айта кету керек. Сондай-ақ, Шымкентте тұрғын үй құрылысына инновациялық шешімдерді енгізу мәселесі қарастырылуда (құрылыстағы IT шешімдер). Қазіргі таңда инновациялық мәселені кәсіби тұрғыда талқылап, шешу мақсатында білікті мамандардан консультативті-техникалық кеңес құрылған.

Медиаон ақпарат

Фото: Otyrar.KZ 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.