Басты бет > Саясат > Шымкентте қызғалдақтар гүлдеді

Шымкентте қызғалдақтар гүлдеді

Шымкент қаласының символы болып табылатын қызғалдақ гүлі бүгінде гүл ашып, үшінші мегаполистің ажарын аша түсті. Қаладағы көшелер мен гүлзарларда жалпы саны 1млн 114 мың дана қызғалдақ гүлдеп тұр. Олардың басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, көк, қызғылт және күлгін түсті қызғалдақтар. Қаланы көріктендіруші мамандардың айтуынша, гүлдер сәулетшілер мен суретшілердің бірлесіп сызған эскизіне сай егілген. Қызғалдақ бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұрады. Содан кейін жазға қарай олардың орнына басқада жаздық гүлдер егіледі.

Көктем гүлінің басым бөлігі қаланың қақ ортасындағы Қызғалдақ субұрқағының айналасында және орталық көшелердің бойында шоғырланған. Көктем маусымында  ең алғаш гүлдеп қалаға ерекше көрік және сән беретін қызғалдақтар гүлдеп болғаннан кейін тұқымы қайта жиналып, яғни қазып алынып, арнайы қоймаларда сақталады. Ал күз маусымында қайта отырғызылатын болады.

Медиаон ақпарат