Басты бет > Хабар > Шымкентте «Қауіпсіз қала» акция рейді өтті

Шымкентте «Қауіпсіз қала» акция рейді өтті

Шымкент қаласында 8-15 қаңтар аралығында «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы, Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе газ кему датчиктерінің жай-күйіне мониторинг жүргізіп, сонымен қатар ашық тұрған люктерге бақылау жүргізу бойынша «Қауіпсіз қала» акция рейдін өткізді.
«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты жалпы әлеуметтік проблемаларды шешуге көмек көрсетуде ешқашан тыс қалмақ емес. Қазіргі таңда қала сыртында люктердің қақпақтарын ұрлау жиі орын алып отырғандықтан, қала шетінде құдыққа құлап кету ықтималдығы жоғары, сондықтан, «Қауіпсіз қала» акция рейді арқылы жұртшылықты хабардар етіп, әлеуметтік желілер арқылы жанама нұсқау беру арқылы ашық құдықтар, немесе қақпағы нашар құдықтар табылған жағдайда, бүлінген люктерді ауыстырып, жаңа люктер орнатылады. Тағы осы сияқты газ кему датчиктерінің жай-күйіне мониторинг жүргізу арқылы мемлекеттік стандартты орындап, уақытылы ауыстырып немесе жөндеу болып табылады.

Медиаон ақпарат