Басты бет > Саясат > Шымкентте қауіпсіз шомылу профилактикалық іс-шаралары өтуде

Шымкентте қауіпсіз шомылу профилактикалық іс-шаралары өтуде

Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен қаланың су айдындарында қауіпсіз шомылу бойынша профилактикалық сипаттағы алдын алу іс-шаралары өткізілуде.

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының мәліметі бойынша «Крещение Господне» православ діни мерекесінің қарсаңында шомылу рәсімі ағымдағы жылғы 19 қаңтарда (сағат 24.00-ден-7.00-ге дейін) Шымкент қаласы «Қошқар-ата» өзенінде өткізіледі.   Төтенше және қайғылы жағдайды болдырмау үшін әрбір бөлігінде жедел – құтқару жасағының тәжірибелі сүңгуірлері суға түсушілерге қатаң бақылау жасайды. Жедел-құтқару жасақтың Шардара ауданындағы «Шардара бекетінің», Төлеби ауданындағы «Тоғыс бекетінің» құтқарушылары шомылуға арнайы белгіленген жерлерде бақылау жасау үшін кезекшілікте болады.

Әрбір қатысушы алдын ала нұсқамалармен таныстырылады. Құтқарушылар шомылардың алдында бұлшық еттерді жақсылап қыздырып алу қажеттігін, жүгіріп немесе секіріп алуға болатындығын және оларды киімсіз істеген дұрыс екендігін ескертеді. Шомылып шыққаннан кейін бірден жылы шұлық және қолғап кию қажет – себебі, осы дене мүшелері бірінші тоңып бастайды, сүлгімен сүртіп немесе халатқа орану қажет, кептірініп киініп, ішімдік ішпеген жөн. Мұздай суға түсу жүйесі денсаулықтың сауығуына көмектесуі мүмкін, бірақ бір жылда бір рет ойланбай суға түсу-бұл адам ағзасын ауыр күйзеліске әкелуі мүмкін.

 Медиаон ақпарат