Басты бет > Білім > Шымкентте Қамқоршылық кеңесі құрылды

Шымкентте Қамқоршылық кеңесі құрылды

11
views

Мектептерде бұдан былай ата-аналардан ақша жиналмайды. Астана мен Алматы қалаларында жүйеге қойылған «Қамқоршылық кеңесі» енді Шымкент қаласында да өз жұмысын бастайды.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тайкенова қатысқан дөңгелек үстелде белгілі болды. Жиынға Шымкент қалалық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Жанат Тәжиева, қалалық мәслихат депутаттары Е.Дәрменов, И.Болдина, орта мектептердің директорлары, ата-аналар және бірқатар мектептерде өз жұмысын бастап үлгерген қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.

– Әр адамның азаматтық ұстанымы оның жетістікке жетуімен шектелмеуі тиіс. Жетістікке жеткеннен кейін де азаматтар мәуелі ағаш сияқты иіліп, жемісін көпке ұсынып, сая бола алады. Мұндайды көріп өскен балалар табысты адамның тек зәулім сарай мен аралдардың иесі ғана болмай, қоғамға да көмегін тигізетінін біліп өседі. Әлеуметтік жауапкершілікті түсініп, мәдениет пен өркениет тұрғысынан танымы артады, — дейді М.Тайкенова.

   

Ал Ж.Тәжиеваның айтуынша, қамқоршылық кеңестің жұмыстары Шымкенттің барлық 140 мектебінде ашылған. 9 адамнан құрылған қамқоршылық кеңесі мектеп өміріндегі барлық іс-шараларды бақылайды. Тіпті, мектеп директорын да сайлайды. Мектеп директоры әр жарты жылдықта қамқоршылық кеңеске есеп береді. Қамқоршылық кеңес мүшелері директордың жұмысына қанағаттанбаған жағдайда оның жұмысын тоқтатуға құқылы.

Сонымен қатар әр мектептің қамқоршылық кеңесі сол білім ошағының жеке есеп-шотын ашып, демеуші тарта алады. Демеуші есебінен түскен қаражат оқушылардың қажеттілігіне жұмсалады. Бұл — ата-аналардан ақша жинауды түбегейлі болдырмауды көздейтін жоба. Демеуші тарапынан аударылған қаражат көлемі және оның қайда, қалай жұмсалғанын әр ата-ана біле алады. Білім саласының жауапты қызметкерлері ата-аналарды осы бағытта жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *