Басты бет > Саясат > Шымкентте ірі, шағын және орта 261 кәсіпорынның жалақысы орта есеппен 22%-ға өскен.

Шымкентте ірі, шағын және орта 261 кәсіпорынның жалақысы орта есеппен 22%-ға өскен.

Статистика департаментінің мәліметінше қалада жалпы 20 748 кәсіпорын, оның 143-і ірі, 341-і орта, ал 20 264-і шағын кәсіпорын ретінде өз жұмысын жалғастыруда.

Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ірі, шағын және орта 261 кәсіпорында 16 722 жұмысшының жалақысы орта есеппен 22%-ға өскен. Мониторинг жүргізу жалғасуда.

Сонымен қатар, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметкерлердің жалақысын 2019 жылдың 1 маусымынан бастап көтеру жоспарланған.

Әлеуметтік әріптестік және еңбек дауларының алдын алу бойынша:

Шымкент қаласы әкімдігімен «Шымкент қаласының Кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасымен бірге, Шымкент қаласының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия (әрі қарай Комиссия) құрылып, бүгінгі таңға дейін 6 отырыс өткізді.

Комиссия отырысында жалақы қарыздары, өндірістік жарақаттың алдын алу, жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын азайту, еңбек дауларын болдырмау, алдын алу және жазатайым оқиғаларға алып келетін негізгі себептер талқыланады.

Шетелден жұмыс күшін тарту бойынша:

Шымкент қаласына 2019 жылға жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуына 2 145 (1 санатқа – 30 адам, 2 санат бойынша – 131 адам, 3 санатқа – 1837 адам, 4 санат – 147 адам) бірлік квота бөлінді.

Бөлінген квота негізінде 39 кәсіпорын мен ұйымда 557 (1 санат-7 адам, 2 санат-26 адам, 3 санат-466 адам, 4 санат-58 адам) шетел азаматына рұқсат беріліп, 18 991 ҚР азаматтары жұмыс жасауда. Қазақстандық қамту үлесі – 97.1%. Ал шетелден тартылған жұмыс күшінің 89,5%-ын білікті мамандар құрайды.

Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы №459 қаулысы «ҚР шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерінің көлемдеріне» сәйкес шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені үшін және ұзартқаны үшін жыл басынан бері 121,2 млн теңге алым жергілікті бюджетке түсті.

Медиаон ақпарат