Басты бет > Саясат > ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН АУЛАЛАРДЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН АУЛАЛАРДЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

 

Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне, кіреберіс алаңдарына және аулаларына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Дәрілеу шараларына еріктілер мен сарбаздар жұмылдырылған.

Айта кетейік, Шымкент қаласында індеттің алдын алу бойынша дезинфекциялау жұмыстары кең көлемде жүргізілуде.

Залалсыздандыру жұмыстарын 200-ден астам еріктілер мен әскери қызметкерлер атқаруда. Барлығы 1 мың литрге жуық дайын сұйықтық пайдаланылды.

Мамандардың мәліметіне сүйенсек, дезинфекциялау сұйықтығы мен қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті.