Басты бет > Жастар > ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКСОЙ СУРЕТШІЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКСОЙ СУРЕТШІЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Облыстық бейнелеу өнері музейінде «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясындағы ХХ-шы TURKSOY ұйымына мүше елдер суретшілері пленэрінде салынған жұмыстардың  қорытынды көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Пленэрге 9 шет мемлекеттерден, яғни, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Босния-Герцеговина, Украина, Болгария, Молдавия, Башқұрстан, Азербайжан елдерінен   15 суретші, ал еліміздің  Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент қалаларынан 13 кәсіби суретшілер және Қазақстанның еңбек  сіңірген  қайраткерлері, ҚР Көркем  академиясының мүшелері мен өнер профессорлары қатысқан болатын.

Көрменің ашылу және кездесуді қорытындылау шарасына облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов және ТҮРКСОЙ ұйымы суретшілерінің ұйымдастырушысы Санжар Мехмет қатысып, суретшілерді алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру және  «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында басы қосылып, шығармашылық жолы тоғысқан Түркі әлемінің қылқалам шеберлері  Түркістан қаласындағы  Қ. А. Яссауи кесенесінде, Сауран және Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесі мен тарихи, мәдени ескерткіштерде, Хан тағы және Қаратау қорығы аумағы мен Бәйдібек ауданының Ақмешіт, Қостұра, Домалақ ана кесенелерінде, Қазығұрт ауданы мен Сайрам – Өгем тау шатқалдары және Шымкент қаласының көрікті жерлерінде этюдтік жұмыстар жасады.

Оңтүстіктің киелі, тарихи мекендерін майлы бояумен кенеп бетіне бейнелеген суретшілер боямысыз сұлулыққа бай өлкенің табиғатына деген таңданыстарын да жасыра алмады. Табиғат аясында салынған 135 дана кескіндемелік жұмыстар облыстық бейнелеу өнері музейінің көрме залына орналастырылды.

 

Облыстық мәдениет басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.