Басты бет > Саясат > Шымкентте «Сергек» кешенін орналастырып жатыр

Шымкентте «Сергек» кешенін орналастырып жатыр

36
views

Аппаратты-бағдарламалық кешен үшінші мегаполисте пилоттық режимде орнатылуда. Жоба 29 тамызда Шымкентте өткен Shymkent Digital Day қорытындысы нәтижесінде жүзеге асып отыр.

Алғашқы «Сергек» кешені Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесі қиылысында орнатылды. Әзірге камералар пилотты режимде жұмыс жасайды:  тек жол ережесін бұзушылықтарды анықтауда.

Жалпы «Сергек» камерасы келесідей ереже бұзушылықтарды анықтайды: жылдамдықты асыру; қызыл сызыққа өту; тыйым салынған жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытқа жүруге арналған жағына шығу.

Аппаратты-бағдарламалық кешенді қаладағы 35 жол қиылысында орналастыру жоспарлануда, жалпы 160 бейнекамера орнатылмақ.

Қосымша айта өтсек, «Сергек» камерасы Астана қаласында  орнатылған. Бейнекамера арқасында, өткен жылмен салыстырғанда 2018 жылдың 8 айында жол-көлік оқиғаларының саны 22% -ға, жарақаттанушылар саны 21 %-ға, ал жол-көлік оқиғасынан қаза болушылар саны 50% -ға төмендеген.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *