Басты бет > Саясат > Шымкентте партиялық жұмысты жаңғырту мәселелері талқыланды

Шымкентте партиялық жұмысты жаңғырту мәселелері талқыланды

Шымкентте «Нұр Отан» партиясы «Оңтүстік су» филиалының ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымдарымен партиялық жұмыстарды жаңғырту барысын талқылау мақсатында кездесу өткізілді.

Шараға төрағалық еткен «Оңтүстік су» филиалы саяси кеңес мүшесі, «Су ресурстары Маркетинг» бастауыш партия ұйымының төрағасы  Бақыт Жолдаров  жаңғыру – саяси жүйені демократияландырудағы маңызды қадам екендігін айтты.

– Елбасы  партия қызметін жаңа бағдарламаларға икемдеп, жұмысты ширату керектігін атап өтті. Бүгінгі таңда бастауыш партия ұйымдарындағы жұмыстарды жандандыру, БПҰ жұмысы мен қызметіне байланысты деректер базасын өзектендіру, партияның сандық және сапалық  құрамын нақтылау шаралары жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумындағы қабылданған тұжырымдамасына сәйкес «Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жетілдіру», онда кадрлық резервтерді жасақтау, жұмыстарын бағалау, ынталандыру жүйесін енгізу, партия қатарын сапалы жақсарту бойынша жұмыс тәсілдері анықталған, – деген төраға қабылданған тұжырымдама аясында атқарылатын жұмыстарды нақтылап айтты.

Шымкент қаласы бойынша су-құбыры және кәріз шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ақжарқын Тұрсынова  жаңғырту аясында атқарылып отырған жұмыстар туралы сөз сөйледі.

– Мекемені жаңғырту аясында  арнайы жоспар жасалып, бірқатар жұмыстар атқарылған.   Жұмысшылардың денсаулығын жақсарту және салауатты өмір салтын қолдау мақсатында спорттық алаңша және медициналық бөлме ашылды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады, – деді ол.

Мамандарды дайындау,қайта даярлау және біліктіліктілігін арттыру  орталығының бас маманы,филология ғылымдарының кандидаты Меруерт Медетбекова жас мамандардың біліктілігін арттыру бағытында атқарылып отырған жұмыстар туралы сөз сөйледі. Сонымен қатар, өндірістік техникалық бөлімінің бастығы Досхан Лесов цифрландыру мәселелері бойынша ой бөлісті. Республикалық Форумға қатысып келген «Транссервисс» БПҰ–ның төрағасы,КҚБ -ның маманы Нұрдәулет Оңғар форумнан алған әсері және форум барысында талқыланған мәселелер бойынша көпшілікті хабардар етті.

Сондай-ақ, кездесу барысында БПҰ төрағалары  партиялық  жобаларды іске асыру тәсілдері, партия кадрлық резервін жандандыру бағыттарында бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру бойынша пікір алмасып,ұсыныстар айтты.

Медиаон ақпарат