Басты бет > Саясат > ШЫМКЕНТТЕ «ПАРА БЕРМЕ» ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАУ АЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «ПАРА БЕРМЕ» ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін аталған челлендждің басталуы туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Жұмағали БАҚ өкілдерімен өткен брифингте хабарлады. Сонымен қатар, алғаш болып БАҚ өкілдерін аталған челленджді қолдауға шақырды.
«Аталған акция Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен қолға алынған және еліміздің барлық өңірлері белсене атсалысуда. Бүгін өзім бастап, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірге #Пара берме челленджін бастадық. Бұл акцияның мақсаты мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіру болып табылады. Біз БАҚ өкілдерін, сонымен қатар қала тұрғындарын осы акцияға белсенді қатысуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе күресуге шақырамыз» – деді А.Жұмағали.
Айта кету керек, челлендж аясында кез келген азамат әлеуметтік желілер арқылы пара беру үшін жауапкершілікті жеткізе алады.

Медиаон ақпарат