Басты бет > Саясат > Шымкентте нан бағасына қатысты жағдай түсіндірілді

Шымкентте нан бағасына қатысты жағдай түсіндірілді

5
views

Шымкентте нан бағасы өзгерді. Бұл жөнінде қаланың нан пісіруші Ассоцияциясына хабарланды. Ассоцияция төрағасы Әбдімәлік Көмекбаевтың сөзінше, заңды тұлғаларға коммуналдық қызмет төлемі өскенімен (2016 жылдан бастап су — 24,7%, электрэнергиясы — 27,2% -ға қымбаттаған), сондай-ақ жанар-жағармай бағасы көтерілгенімен (АИ-92 — 25,2%, Дизель отыны — 105,01%), қала әкімдігінің келісімімен нан пісірушілер алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік ретінде бірнеше жыл бойына нан бағасын көтермей ұстап тұрды.

Сондықтан, 17 қыркүйекке дейін бір бөлке нан бағасы 50 теңге еді.

Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысы Әсет Абдрахановтың айтуынша, әкімдік жағдайды сырттан бақылап қана қойған жоқ:

«Нан пісіруші Ассоцияциясымен бірнеше келіссөздерден соң есептеулер жүргізіліп барып, нан бағасы шығарылды. Енді Шымкентте бір бөлке нан – 60 теңге тұрады. Қосымша айта өтсек, әкімдік тарапынан әлеуметтік өнімнің бағасына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Яғни нан бағасының одан әрі өсуіне жол бермейді».

Соған қарамастан, қазір Шымкенттегі нан бағасы еліміздегі ең төмен бағаны құрап отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *