Басты бет > Саясат > ШЫМКЕНТТЕ «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЛАЛАР!» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЛАЛАР!» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Жаңа оқу жылының басталуына орай Шымкент қаласы Полиция департаменті Ювеналды полиция инспекторлары балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектеп аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Шара аясында автокөлік жүргізушілерінің, әсіресе мектеп маңында, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу мақсатында күнделікті білім ордаларында жұмыстар атқарылуда.

Атап айтар болсақ, іс-шара шеңберінде қаладағы №77, 79 білім ордаларында Ювеналды полиция инспекторларының қатысуымен оқушылар мен жасөспірімдерге жол жүру ережелерін сақтауды, қылмыс пен құқықбұзушылық жасамау туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тәртіп сақшылары қаладағы жол бойында орналасқан мектептердің алдында таңғы сағат 7:00-ден кешкі 19:00-ге дейін оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Жалпы, осындай іс-шаралардың мақсаты балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, олардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Еске сала кетсек, аталған жедел-профилактикалық іс-шарасы 1-30 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Медиаон ақпарат