Басты бет > Саясат > ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНУДА

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНУДА

Картинки по запросу құрылыс туралы

Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар санының өсуі байқалады. Сондықтан өңірде профилактикалық іс-шараларды күшейтіп, мүгедектікке алып келетін патологияларды төмендету қажет. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен мәжілісте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Сондай-ақ биыл Шымкент қаласындағы  құрылысы тоқтап тұрған 200 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылыс жұмыстарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында аяқтау көзделіп отыр.  Республикалық бюджеттен құрылысқа бөлінген  1,1 млрд теңге  қысқартуға ұшырап, қазіргі таңда жобалық –сметалық құжаттамаға өзгеріс енгізілуде. Егер ғимарат құрылысы аяқталса, саладағы бірқатар қордаланған мәселелерді шешуге жол ашылмақ.

Жиында сөз алған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы  Мұхит Отаршиев облыста 117 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар есепке алынғанына тоқталды. Өкінішке орай, олардың саны облыс халқының 4 пайызын, республикада тұратын мүгедектердің 18 пайызын құрап отыр.

«Есепке алынған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 31 мыңнан астамы тірек-қимыл қозғалысы бұзылғандар. 8 мыңнан астамы көзінен, 5 мыңға жуығының құлағының ақауы бар. 15 мыңнан астамы психикалық ауытқуы бар мүгедектер»,- дейді басқарма басшысы.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүгедектік алуының себептерінің басым бөлігі жүрек қан-тамыры, психикалық ауытқулар мен жарақат алу салдарынан орын алып отыр.  Биылғы жылы барлық бюджеттер есебінен 9,2 млрд. теңге қаралып, оңалту шараларына 91 пайызы яғни мұқтаж мүгедектер 67 мыңға жуығы техникалық көмекші құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтылған.  Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге ұлғайған.

Статистикалық мәліметтерге қарап отырсақ, облысымызда мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарының өсуі байқалады. Сондықтан бұл үдерістің алдын алу шараларын күшейту қажет. Сондай-ақ аудан, қала әкімдері, сала басшылары терең талдау жұмыстарын жүргізуі тиіс. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту, олардың  әлеуметтік көмектермен  дер кезінде қамтамасыз етілуі әрдайым қадағалауда болғаны жөн», -деді Ж. Түймебаев.

Облысымызда көлік инфрақұрылымы обьектілерінде қолжетімді орта құру  мақсатында 104 арнайы жол белгілері, 29 арнайы көрсеткіш, 107 жаяу жүргіншілер белгілері, 87 көшеге арнайы бағдаршам орнатылған. 17 инва, 33 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді. Дегенмен бұл облыстағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың санымен салыстырғанда жеткіліксіз. Осы жәйттарға тоқталған облыс әкімі алдағы уақытта сала мамандарынан арнайы ұсыныстар мен талдау жұмыстарын күтетіндігін жеткізді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.