Басты бет > Саясат > Шымкентте коронавирус жұқтырған бір азамат анықталды

Шымкентте коронавирус жұқтырған бір азамат анықталды

Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 21:40 сағаттағы жағдай

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Шымкент қаласында тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында — 2, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Шымкент қаласында -1 адам жалпы 69 науқас тіркелді, — деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Ақпарат таратқанда тек ресми мәліметтерге жүгінулеріңізді сұраймыз.

Індет жұқтырған бір адам анықталғаны рас. Алайда, қаладағы барлық жағдай толық бақылауда. Тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ. Қалған мәліметтерді ертең сағат 09:30-да тиісті мамандар брифингте хабарлайтын болады. Брифинг Хабар 24 телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Дүрбелеңге салып, жағдайды ушықтырмауға шақырамыз!