Басты бет > Хабар > Шымкентте дизайнерлер арасында «Ontustik fashion week» байқауы өтті

Шымкентте дизайнерлер арасында «Ontustik fashion week» байқауы өтті

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай 21 маусым күні, Шымкент қаласы, «SAUKELE» Ballroom-да облыстық «Жастар Ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жас дизайнерлердің облыстық «Ontustik fashion week» байқауы болып өтті. Мұндай шара биылғы жылы алғаш рет өтіп отыр.

Талғампаз тұтынушылардың ойынан шығып, сән әлеміне қазақстандық жас дизайнерлердің жаңа стилін ендіру, заманауи мәдениетті «Рухани жаңғыру» құндылықтарымен үйлестіру шараның басты мақсаты болды. Жас дизайнерлердің жаңа идеяларын өндірістік ортада насихаттап, оларға өз қызметін ұсынып, жаңа тапсырыстар алудың мүмкіндігіне ие болды.

Аталмыш байқауға 4 стиль бойынша 25 жас дизайнерлердің топтамалары арасында 150 ге жуық киім – көрсетілді. Халық мұрасы мен бүгінгі киім үлгілерінің арасын жалғаған өнерлі жастарға әділ қазы алқалары оң бағасын беріп, 2 000 000 – дық жүлде қорын үздіктерге табыстады.

ЭТНО СТИСЬ бағыты бойынша Бас жүлдені – Муратбаева Ғазиза мен Мергенбаева Айдана ерлерге және әйелдерге арналған «НҰРЛЫ ТАУ» киім топтамасымен жеңіске жетті.

ГЛАМУР және КЭЖУАЛ стилі бойынша 21 жастағы 4 курс студент Азиева Эльмира «ДАЛА САЗЫ» киімдер топтамасымен ерекше көзге түсіп Бас жүлдені иеленді.

ПРЕТ-A-ПОРТЕ стиліндегі «НАЗ КЕРІМ» топтамасының афторы, дизайнер Аділ Абишев, қазылар алқасының шешімімен осы стиль бойынша Бас жүлде берілді.

Ал қосалқы бөлшектер саналатын АКСЕССУАРЛАР топтамалары бойынша 100% қой жүнінен (меренос) сөмке жасайтын «KZ ӨНЕР» компаниясының дизайнері Ахаш Арай – Бас жүлде иеленді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.