Басты бет > Саясат > ШЫМКЕНТТЕ БІРЫҢҒАЙ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ БІРЫҢҒАЙ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қалалық мектептерде кезекті республикалық Адалдық сағаты өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оқушыларға парасаттылықтың негізгі қағидаларын жеткізу болып табылады.
Атап айтқанда, “Парасаттылық мектебінің” 50 арнайы оқытылған лекторлары “Шымкент – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің, Арнайы мониторингтік топ, Нұр Отан, ардагерлер кеңесі, жастар ұйымдары, қамқоршылық кеңестерінің өкілдерімен бірлесе қаланың 140 мектебінде 28 мыңнан астам оқушыны қамтыған дәрістер өткізді.
Аталған кездесулердің форматы ойын коучингтері, тренингтер, дөңгелек үстелдер түрінде ұйымдастырылып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың негізгі мақсаттары, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы парасаттылықтың рөлі түсіндірілді.
Шараларда өскелең ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.
Парасатты дос, аға, ұл, оқушының үлгісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмысының өзегі болып табылатындықтан, «Парасаттылық мектебінің» лекторлары өз баяндамаларында жастарды насихаттау қызметінде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.