Басты бет > Хабар > Шымкентте бес жол қиылысында оң жақ өткелдер салынады

Шымкентте бес жол қиылысында оң жақ өткелдер салынады

38
views

Олар: Шаяхметов — Арғынбеков, Бәйтереков – Арғынбеков, Желтоқсан – Момышұлы, Рысқұлбеков – Іляев және Өтегенов – Арғынбеков көшелерінің қиылыстары. Бұл жұмыстар аяқталған соң оңға бұрылатын автокөлік иелері бағдаршамның жасыл түсін күтпестен қозғалысты жалғастыра алады.

Бұған қоса Әл-Фараби алаңы мен Момышұлы көшесінің қиылысында да оң жақ бұрылыс салу жоспарланып отыр. Өткен жылдардың тәжірибесі мұндай оң жақ өткелдердің кептелісті азайтуда өз септігін тигізетінін көрсетіп отыр.

Сонымен қатар қаладағы Астана даңғылы мен Арғынбеков көшесін байланыстыратын атауы жоқ көшенің құрылысы аяқталды. Нәтижесінде Бәйдібек би даңғылы, Бәйтереков және Шаяхметов көшелеріндегі көлік ағыны едәуір төмендеп отыр. Ұзындығы 2 шақырым жолдан тұрғын алапқа қарай көліктер кептеліссіз өтуде.

– Бұған дейін барлық көлік ағыны Сайрам, Абдулабад және Төле би ауданының тұрғын алабына Шаңырақ шағынауданы арқылы өтетін. Құрылыс аяқталғаннан кейін көлік ағыны төмендеп, көліктер шағынауданға кірмей, тасжолмен жүруде. Енді тұрғындардың және балалардың қауіпсіздігіне алаңдауға негіз жоқ, — дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрханов.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *