Басты бет > Саясат > Шымкентте “Бедел” бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті

Шымкентте “Бедел” бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті

«Нұр Отан» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалына қарасты, қатарында 450 мүшесі бар “Бедел” бастауыш партия ұйымы облыстық медицина академиясында алғашқы партиялық жиналысын өткізді. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы аясында партия съезі қарсаңында өткізілген жиналыс барысында «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасының негізгі ережелері талқыланды.

Партия белсендісі, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жанат Нуржанбаева озінің баяндамасында «Нұр Отан» партиясының Қазақстанның жетістіктері мен жетістіктеріндегі рөлі мен орнытуралы айтты.

* Партия тарихы тәуелсіз Қазақстанның дамуымен және жетістіктерімен тығыз байланысты. Біз партиямызды елді жаңғыртудың басты қозғаушы күші ретінде қарастырамыз. Партиялық іс-қимылдардағы барлық өзгерістерінің алғашқы нәтижсі бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясының жаңғырту үдерістерінің басында екенін дәлелдейді. Біздің партиямыз ХХІ ғасырдың заманауи саяси ұйымы. Және біз «Нұр Отан» партиясын айтқан кезде, бұл бір идеяны біріктіретін миллион қазақстандықтар екенін түсінеміз, – деді ол.

БПҰ мұшесі, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Шадияр Аширов «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айта отырып, «Нұр Отан» партиясы қазақстандық медицинаның ең жоғары әлемдік стандарттарға сай болуын және қазақстандықтардың денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибеге тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді қолдайтындығын алғы тартты.

– Партия отандық медицинаға үздік мамандарды тарту, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту, дені сау ұлттың қалыптасуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл бағытта мемлекеттік мекемедегілермен қатар жеке меншік медициналық мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы деңгейін арттыруға қол жеткізу, Қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке арналған шығындарды ұлғайту, балалар медицинасының қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша нақты

жұмыстар атқарылмақ. Бұл бағыттар бойынша жүмыстарға бастауыш партия ұйымы да белсене қатысатын болады, – деді партия белсендісі.

Жиналыс соңында «Нұр Отан» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының конференциясына “Бедел” Бастауыш партия ұйымынан делегаттар сайланды.

Медиаон ақпарат