Басты бет > Саясат > Шымкентте атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны 324 877 адамды құрады

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны 324 877 адамды құрады

Шымкент қаласында 2019 жылдың 1 қазанына 65 536 отбасыға (324 877 адам) 44,9 млрд.тг. атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды (оның ішінде 10 813 отбасы (16,5%) шартсыз, 54 723 отбасы (83,5%) шартты ақшалай көмек алды).

Ағымдағы жылдың тоғыз айында атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген 22,3 млрд.теңгенің 14,6 млрд.тг. немесе 65,5% игерілді.

Қабылданған өтініштердің саны 2018 жылмен салыстырғанда (10,8 мың отбасы) 6,9 есеге артты.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 7 596 отбасының табысын жасырғандығы анықталып, 2 529 отбасыға 1 530 млн. теңгеге тағайындалған төлемдер толық тоқтатылды. Оның 70,6 млн.теңгесі бюджетке қайтарылады. Бүгінгі таңға 271 отбасыға хабарландырулар таратылып, оның ішінде 3 отбасы 828,4 мың теңге өз еркімен бюджетке қаржысын қайтарды.

5 116 отбасының әлеуметтік төлемдеріне қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 4 255 отбасының төлемдері қайта есептеліп тағайындалған сомма 1 037,4 млн.теңгеге кемітілді.

Ең бастысы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда масылдыққа жол бермеуіміз қажет.

Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе кіші бизнеспен айналасуға көмектеседі. Кешенді шаралар 3 бағытты құрайды.

Медиаон ақпарат