Басты бет > Саясат > ШЫМКЕНТТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР АЗАМАТТАРДАН МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫН ТАЛАП ЕТПЕЙДІ

ШЫМКЕНТТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР АЗАМАТТАРДАН МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫН ТАЛАП ЕТПЕЙДІ

Қазіргі таңда республика деңгейінде тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын алу үшін ХҚКО-на шамадан тыс жүгіну фактілері көрініс табуда.
Осыған байланысты, Шымкент қаласында аталған мәселенің алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, білім және денсаулық сақтау саласында уәкілетті жергілікті атқарушы органдардың, оларға бағынысты мекемелердің және мемлекеттік корпорация басшылықтарының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында көзделмеген қосымша құжаттарды тұрғындардан сұрату фактілерін болдырмау бойынша нақты шаралар қабылдау мәселесі көтерілді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті және қызмет алушыларға сапалы қызмет алулары үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Енді азаматтар Сіздерге мекенжай анықтамасын алып келмейді, қайта Сіздер сол тұрғынның келісімі бойынша электронды үкімет порталы арқылы өздеріңіз алатын боласыздар» – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев.
Жиналыста аталған мәселе толық талқыланып, нәтижесімен мүдделі органдар мен ұйымдар тарапынан түсіністік тауып, ортақ келісімге келіп, нақты шаралар қабылданатындығын білдірді.
Сондай-ақ, жиналыс барысында халықпен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын, сыпайылық пен қызметкердің кәсіби этикасы, әкімшілік тосқауылдарды болдырмау тетігі және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үлесін арттыру мақсатында egov.kz порталы арқылы қызмет алу тәсілдері көрсетілген бейнероликтер таныстырылды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруымен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімі артуына өз септігін тигізетіне сенеміз.