Басты бет > Саясат > Шымкентке Г.Әбдіхалықова бастаған үкіметтік жұмыс тобы іс-сапармен келді

Шымкентке Г.Әбдіхалықова бастаған үкіметтік жұмыс тобы іс-сапармен келді

Үшінші мегаполиске келген жұмыс тобын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастап келді. Үкіметтік топ қалалық орыс драма театры ғимаратында қала тұрғындарымен кездесу өткізді.   

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов ашып, жүргізген жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Білім және ғылым министрі К.Шамшидинова, Денсаулық сақтау вице министрі Л.Ақтаева және көп балалы аналар, аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – барлығы 500-ден астам адам қатысты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова өз сөзінде Елбасының “Әлеуметтік қамсыздандыру” жаңа әлеуметтік шараларының іске асырылу барысы туралы хабардар етті.

   

Одан кейін сөз алған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев ведомствоның халықтың табысын арттыру және аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау бойынша қабылдаған шаралар туралы айтты.

Медиаон ақпарат