Басты бет > Саясат > ШЫМКЕНТЕ АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН АРНАЙЫ ШТАБ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

ШЫМКЕНТЕ АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН АРНАЙЫ ШТАБ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Штаб жұмысына Шымкент қалалық төтенше жағдай департаменті, полиция департаменті, Шымкент қаласының әкімдігі және “ҚТЖ” ҰҚ” АҚ өкілдері қатысуда.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 15 эвакуациалық пункт ашылған. Барлық бекеттер тұрғындарға көмек көрсетуге дайын. Бекеттерге орналастырылған азаматтар ауызсумен және азық-түлікпен қамтамасыз етілуде.

Бұған қоса Шымкент қалалық төтенше жағдай департаментінің 8 (7252) 44-94-72 шұғыл желісі жұмыс істеп тұр. Сол арқылы қауіпсіз жерге көшірілген барлық азаматтар туралы мәліметті білуге болады.

Медиаон ақпарат