Басты бет > Хабар > «Шеврон» компаниясы сенсорлық бөлме сатып алды

«Шеврон» компаниясы сенсорлық бөлме сатып алды

«Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» қорының астанадағы жазғы жобалары туралы әңгілемелеуді жалғастырамыз.
№1 мектеп-интернатта БЦП, Даун синдромы және басқа диагноздармен байланысты айрықша білім алуға мұқтаж 302 оқушы оқиды. Олардың арасында жетім балалар, толық емес және көп балалы отбасылардың балалары бар. Бұлар үшін «Шеврон» компаниясы сенсорлық бөлме сатып алды. Ол тәрбиеленушілерге назарын аударуды үйретіп, қолмен сезінуді дамытуға көмектеседі.
№2 оңалту орталығына сөйлеу қабілетін түзетуге және оның одан әрі нашарлауын болдырмауға арналған БОС «КОМФОРТ ЛОГО» кешені берілді. Орталықта жыл сайын жаңа туған сәбилерден бастап 18 жасқа дейінгі балалар оңалту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламасынан өтеді. Енді «Шеврон» компаниясының арқасында олардың сөйлеу қабілетін жақсартуға арналған жаңа кешені бар.