Басты бет > Білім > «Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» қоры Нұр-Сұлтанда 3 жобаны іске асырған

«Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» қоры Нұр-Сұлтанда 3 жобаны іске асырған

«Шеврон» компаниясының арқасында болған жаздың жақсы жаңалықтарымен бөлісуді жалғастырамыз. Тамыз айында  №2 балалар ауруханасына 10 жаңа медициналық кресло-арбалар берілген. Бұған қоса, кәсіби суретшіні шақырып, кішкентай емделушілердің көңілін көтеру және сауығуға ынталандыру  үшін МРТ кабинетін ертегі кейіпкерлерінің жарқын суреттерімен әшекейлеген. Қалалық № 2 көп бейінді аурухана «Шеврон» компаниясынан жаңа ойын бөлмесін, ал облыстық № 2 көп бейінді аурухана – ойын холлын алды.
«Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» қоры осы жазда Нұр-Сұлтанда іске асырған тағы 3 жоба туралы әңгімелейміз.
№2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті «Шеврон» компаниясынан интерактивті құмсалғышты сыйға алды. Ол көру, сөйлеу қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға қолмен және түспен сезіну арқылы оқыту арқылы дамытудың әралуан курстарынан өтуіне көмектеседі.
Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған «Жансая» № 83 сәбилер балабақшасы – бұл инклюзивті балабақша, мұнда сөйлеу қабілеті айрықша балалар кәдімгі балалармен бірге оқу мүмкіндігін алады. «Шеврон» компаниясы «Дэльфа» логопедтік тренажерын және қойылымдық зондтар берді, олар педагогтардың сөйлеу қабілетін түзету сабақтарына көмектеседі.
«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет ету орталығында 277 бала тұрақты тұрады, олардың жартысынан астамы жанұясыз қалған, көпшілігі 1 және 2-ші топтың мүгедектері. «Шеврон» компаниясының арқасында орталықта енді сөйлеу тренажерлары, ал балалардың – заманауи ыңғайлы жабдықта сөйлеу қабілетін түзетуден өту мүмкіндігі бар.