Басты бет > Мәдениет > “Шеврон” компаниясының қолдауымен дыбыс жазу студиясы ашылды

“Шеврон” компаниясының қолдауымен дыбыс жазу студиясы ашылды

Нұр-сұлтан қаласының он әлеуметтік, білім беру және медициналық мекемелері балалар мен мұқтаждығы ерекше адамдардың оқу процесі мен күнделікті өмірін жеңілдітуге мүмкіндік беретін жабдықты сыйлыққа алды. «Шеврон»-ның жазғы әлеуметтік бағдарламалары астананың он мыңдаған тұрғындарын қамтыды. Біз осылар туралы сіздерге әңгімелеп бергіміз келіп отыр.
Бүгін №10 мектеп-гимназияда бірегей дыбыс жазу студиясы ашылды. «Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» қоры музыкамен кәсіби деңгейде айналысу үшін оған ең озық және кәсіби деңгейдегі жабдық орнатты. Бұл мектеп – астанадағы жалғыз инклюзивті білім беру мекемесі, мұнда 2005 жылдан бері барлық балалармен бірге көзі нашар көретін балалар, ал 2015 жылдан бері – көзі мүлдем көрмейтін балалар оқиды. Қазір 1400 оқушылар ішінен көру мүмкіндігі шектелген 200 бала мектеп-интернатта тәрбиеленуде. Мұнда оқушылардың вокалдық қабілетіне белсенді қолдау көрсетіледі. Ал тәрбиеленушілердің бірі, Дильнура Біржанова, X-Factor жобасының 7-ші маусымының жеңімпазы атанды! Музыка сабақтары да инклюзивті түрде өтеді. Сондықтан оқушылар дыбыс студиясын бірге пайдаланып, ән, музыка және тіпті аудио кітаптар жазатын болады.