Басты бет > Мәдениет > ШАҒАЛАЛЫ ШАРДАРАДА ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ШАҒАЛАЛЫ ШАРДАРАДА ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

39
views

  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі Шардара қаласында өтті.
Шара «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Ұзын ата кесенесіне зиярат жасап, тарихымен танысудан бастау алды. XIV-XV ғасырларға тән тарихи нысан Қазақстанның киелі жерлері тізіміне енгені белгілі. «Діни ілімді жалғастырушы, елге ізгілік пен адалдықтың нұрын себуші ұстаздық, әулиелік қасиетімен аңызға айналған Ұзын ата даңқына бас иіп, арнайы құран бағыштап келушілердің қарасы мол»-дейді, «Шежірелі Шардара» аудандық өлкетану мұражайы директоры Н.Сейдуллаев. Кесене аумағын абаттандыру жұмыстары да ерекше қолға алынған.

   Фестиваль Шардара қаласындағы Абай алаңында жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарындағы қолөнер шеберлерінің үйірмесі мен кітап көрмесі және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» флешмобымен жалғасын тауып, Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Сонымен қатар, Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 9 ауылдық мәдениет үйінің меңгерушілері атқарған жұмыстары мен алдағы жоспары, халықпен мәдени байланысы жөнінде есеп беріп, ақсақалды қариялар мен ақ жаулықты аналардың қатысуымен «Саумалық» және бата беру салт-дәстүрлерін көрсетті. Сондай-ақ, 80-ге жуық туындылары туған жер мен табиғат, тарихи   сәттері түрлі-түсті бояулармен  сыр шерткен қылқалам шебері Айдарбеков Темірәлі Өсерұлының «Рухани жаңғыру» атты туындылар бұрыштамасы да өз ерекшелігін байқатты.
Аудандағы мәдениет үйлері мен клуб үйірмелері   өнерпаздарының гала-концертінде халық шығармашылығының ән, би, күй, хор, цирк, драма сынды 18 жанрынан өнер көрсеткен шардаралықтардың Мәдени күні баспасөз конференциясымен қорытындыланды.
Айта кетсек, Шардара ауданындағы мәдениет үйлерінен ашылған 46 үйірмеде 1400-дей қатысушы дәріс алса, олардың ішінде 30-40 жас аралығындағы қатысушылар да бар.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *