Басты бет > Білім > ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА  КИНО АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА  КИНО АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

40
views

Шардара аудандық мәдениет сарайында  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының қолдауымен, «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен өңірімізде түсірілген көркем және анимациялық фильмдер апталығының ашылу салтанаты өтті.

«Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасының бастау алуымен Шардара ауданы әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы  құттықтап, «Оңтүстікфильм» мекемесінің басшысы Б.Дәуренбеков пен «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеевке аудан әкімінің арнайы алғыс хаты мен   сыйлығын табыстады.
Шараны «Ақ әжелер» ансамблі А.Донбаевтың «Шардарам менің,Шардарам» және Е.Хасанғалиевтің «Туған жер» әндерімен ашып берді.
Жиын барысында балалар мен аудан тұрғындары  «САҚ» киностудиясы түсірген «Күш атасы — Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Көне құмыраның сыры» анимациялық фильмдері мен «Көне жетігеннің сыры» көркем фильмін тамашалады. Апта көлемінде Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 10 мәдениет үйінде киелі, тарихи мекендер жайында өңірімізде түсірілген фильмдер ел назарына ұсынылатын болады.
Кино апталықтың ашылу салтанатына Шардара қаласындағы ардагерлер кеңесі және әжелер алқасының мүшелері, аудандық мәдениет қызметкерлері, ұстаздар мен оқушылар және ауыл тұрғындары, сонымен қатар, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, «Оңтүстікфильм» мекемесі мен «САҚ» киностудиясының өкілдері қатысты.

М.Жұмабайқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *